Абайдың қара сөздері өзбек тіліне аударылды
Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай ақынның қара сөздері өзбек тіліне аударылды. Сондай-ақ шығыстың ғұламасы Әлішер Науаидің «Хамса» еңбегі қазақ тіліне тәжімаланып, елордада қос кітаптың тұсаукесері өтті.
«Хамса» - Әлішер Науаидің бес дастаннан тұратын еңбегі. Оның екеуін яғни «Ләйлі-Мәжін» мен «Ескендір қорғанын» қазақтың белгілі ақыны Несіпбек Айтұлы аударды. Ал Абайдың қара сөздерін өзбек тіліне тәжімалаған профессор Қазақбай Юлдашев.
Игі жақсылар бас қосып, көпшілікке таныстырған туындылар екі ел арасындағы әдеби және мәдени байланыстардың алтын көпірі болмақ. Аталмыш шараға Халықаралық Түркі академиясы ұйытқы болды.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Абай Әлішер Науаиді өзінің рухани ұстазы санап, оның өлеңдерінен тағылым алғанын бәріміз жақсы білеміз. Осы тұрғыдан келгенде екі бірдей кемеңгердің еңбектерін қатар аударудың символикалық мәні бар деуге әбден болады.
Ақниет Балтанова
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Каспий» футбол клубы Премьер-лигада
20.10.2025, 20:33
«Қайрат» - «Пафос» ойыны алдындағы баспасөз мәслихатын өткізді
20.10.2025, 20:31
Қызылордада Республика күніне орай ауқымды жәрмеңке мен бәйгеден дүбірлі ат жарысы өтті
20.10.2025, 20:30
БҚО-да мал ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
20.10.2025, 20:30
Сац атындағы театр алғаш рет Мәскеуде өнер көрсетті
20.10.2025, 20:29
Қазақ музыкасын зерттеген Юрий Аравин өмірден өтті
20.10.2025, 20:29