«Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасы 18 қарашада жарияланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасы 18 қарашада жарияланады

27.10.2020

Елордада «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Саяси кеңесінің отырысы өтті. Күн тәртібіндегі мәселелерді дауысқа салған саяси кеңес мүшелері Мәжіліс пен Мәслихат депутаттары сайлауына қатысатынын мәлімдеді. 

«Ауыл» партиясы 28 қыркүйекте жалпыұлттық «Ел аманаты» сауалнамасын жолдаған. Оған 120 мыңдай адам қатысып, пікір білдірді. 10 қарашада сауалнама нәтижесі жарияланып, халықтың ұсыныс-тілегі сайлауалды бағдарламаға енгізілмек. Ал «ауылдықтардың» жоспары 18 қарашада өтетін партияның кезектен тыс съезінде жарияланады.  

Әли Бектаев, «Ауыл» ХДПП төрағасы:
Біз жаңа көптеген ұсыныстармен, ойлармен, идеялармен келе аламыз. Соның көбі ауыл шаруашылығына қатысты болады. 

Ақниет Балтанова


ауыл партиясы мәжіліс сайлауы сайлауалды бағдарлама

Хабарламаларға жазылу