Партиялардың сайлауалды съездерінің өтетін уақыты белгіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Партиялардың сайлауалды съездерінің өтетін уақыты белгіленді

09.11.2020

Парламент Мәжілісі мен мәслихат сайлауына қатысатын партиялар сайлауалды съездерінің уақытын белгіледі. Екі күннен соң «Қазақстан коммунистік халық партиясының» іс-шарасы өтеді. Қарашаның 18-де «Ауыл» партиясының съезі ұйымдастырлады. Жиында әр партия депутаттыққа кандидаттардың тізімін белгілейді. Ал орталық партия кеңесі съезде қарастырылатын мәселелерді бекітті. Оның бірі – сайлауалды бағдарламаның жобасын таныстыру. Еске салсақ, 2021 жылы қаңтарда өтетін саяси науқанға қатысуға алты партия тіркелді. Жалпы, шараларға 15 миллиардтан астам теңге қаржы жұмсалады деп жоспарланған.

Фариза Мұсақызы

Партия сайлауалды съез Парламент Мәжілісі мәслихат сайлауы

Хабарламаларға жазылу