Ертең «Адал» партиясының съезі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең «Адал» партиясының съезі өтеді

15.11.2020

Аптада «Бірлік» партиясы да атауын өзгертті. Олар енді «Адал» деп аталады.  

-Біз партия атауын өзгерту бойынша зерттеу жүргіздік. Зерттеуді кәсіпқой әлеуметтанушылар жүргізді, олар атаудың 10-ға жуық жаңа нұсқасын зерттеді. Талдау нәтижелері бойынша, «Адал» атауы үлкен айырмашылықпен қолдауға ие болды. Сарапшы-әлеуметтанушылар мұны халықтың жаңашылдықты, әділеттілікті талап етуімен түсіндіреді. Сонымен қатар, адамдар әділеттілік сөзіне көп нәрсені сыйғызады: сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестен бастап, шешім қабылдаудың ашықтығына дейін, - деді саяси кеңесінің отырысында партия төрағасы Серік Сұлтанғали.

Айта кетейік, елімізде алты саяси партия тіркелген. «Қазақстанның халық партиясы» съезін өткізді, ал «Адал» партиясының съезі 16-шы қарашада, «Ауыл» партиясының съезі 18-ші қарашада, «Ақ жол» партиясының съезі 20-шы қарашада, «Nur Otan» партиясының съезі 25-ші қарашада, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының (ЖСДП) съезі 27-ші қарашада өтеді.

Айтпақшы Қырғыз республикасында парламентке өтуге қажет дауыс жинау мөлшерін 7 проценттен 3 процентке азайтатын заң қабылданған. Президент міндетін атқарушы Садыр Жапаров қызметінен кетті, ол сайлауға түспекші. Әзірге президент міндетін Жогоргу Кенештің спикері Талант Мамытов атқарады. 


«Адал» партиясы съез

Хабарламаларға жазылу