Ақтөбеде «Арлан» арнайы жасағы командирының орынбасары ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде «Арлан» арнайы жасағы командирының орынбасары ұсталды

22.06.2016
Ақтөбеде «Арлан» арнайы жасағы командирының орынбасары ұсталды

Ақтөбеде «Арлан» арнайы жасағы командирінің орынбасары істі болып жатыр. Қалалық сот 28 жастағы Кенжеғали Бүркітовті қамауға алуға санкция берді.

Күдіктіге лауазымдық өкілеттіліктерді теріс пайдаланған деген айып тағылып отыр. Сот материалдарында көрсетілгендей, мұнай ұрлығымен айналысқан топ арнайы жасақ командирінің орынбасарынан мұнай тасымалын кедергісіз ұйымдастыруға көмектесуін сұраған. Бүркітов көрсеткен «қызметі» үшін ай сайын 2 млн теңге төлеуін талап еткен. Қазір тергеу жұмысы жалғасуда.

 

Ж.КЕМАЛ

Хабарламаларға жазылу