9 келі героинмен ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

9 келі героинмен ұсталды

24.07.2014
9 келі героинмен ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысында Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері және «Арлан» арнайы жасағы бірлесіп,  тоғыз  келі героин сатпақ болғандарды  ұстады.

Екі күдікті есірткі алушылармен қаладағы тойханалардың жанында  кездеспек болған. 40 және  49 жастағы сезіктілерді ішкі істер қызметкерлері тауар сату кезінде қолға түсірді.

Тінту кезінде 7 миллион теңгеден астам ақша табылды. Олар арнайы ұнтақпен  белгіленген теңгелер болып шықты.  Ал, сөмкелерінен пластмасса ыдысқа салынған 9 келіге жуық есірткі тәркіленді. Арнайы сот сараптама қорытындысы оның героин екенін растады.

Ұсталғандардың үйін тінту кезінде кір машинасынан  200 грамм есірткі заты табылған. Оларды күдіктілер сату мақсатында сақтағанын, әрі  қожайындары қадағалап отыратынын айтыпты. Қазір олардың үстінен заңсыз есірткі сақтау, сату бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Салтанат Қаракөзова,  ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Қазірде полиция қызметкерлері олардың есірткіні Оңтүстік Қазақстанға қалай алып келгенін анықтап жатыр. Осы қылмысқа басқа да адамдардың қатысы барлығы тексерілуде.

Айнұр АҚБАЕВА

Хабарламаларға жазылу