Талдықорғанда киіктің мүйізін сатпақ болған азамат ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда киіктің мүйізін сатпақ болған азамат ұсталды

09.01.2023

Талдықорғанда киіктің мүйіздерін сатпақ болған азамат ұсталды. Полицейлер мен шекарашылардың және Ұлттық ұлан сарбаздарының арнайы жасағы жүргізген жедел операция барысында 32 жастағы Ақсу ауданы тұрғынының көлігі тінтілді.

Тексеру барысында екі жүк сөмкесінен ақбөкеннің 222 мүйізі табылды. Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Ұсталған азамат қамауға алынды.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу