Тоқаев Оңтүстік Корея Президентімен телефон арқылы сөйлесті

22.10.2020

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Президенті Мун Чжэ Инмен телефон арқылы сөйлесті. Екі ел басшылары пандемияға қарамастан Қазақстан мен Корея арасындағы экономикалық, стратегиялық байланыстың нығая түскеніне тоқталды. Мун Чже Ин Алматыдағы «Hyundai» жеңіл көлік құрастыру зауытының ашылуын ерекше атап өтті. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевты келер жылы Оңтүстік Корея Республикасына ресми сапармен келуге шақырды.


Оңтүстік Корея Республикасы Тоқаев Мун Чжэ Ин

Хабарламаларға жазылу