Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

24.07.2023

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті. Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтап, жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. Өзбек басшысының екі елді ғасырлар бойы жалғап жатқан достық, тату көршілік және көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқанын атап өтті. Стратегиялық серіктестігіміз бен одақтастықты одан әрі нығайту перспективалары талқыланды.

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу