Мемлекет басшысы Түркия Президентін құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Түркия Президентін құттықтады

29.05.2023

Бүгін Мемлекет басшысы Түркия президентімен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында Режеп Тайип Ердоғанды сайлаудағы жеңісімен құттықтады. Қазақстан Президенті Түркия Республикасының 100 жылдығы қарсаңында өткен президент сайлауындағы айқын жеңіс Түркияны дамытуға қосқан зор үлесі мен қоғамдағы биік беделінің нәтижесі екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды алдағы күзде түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістанда өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы мерейтойлық саммитіне қатысуға шақырды.

Азамат Нұғыманов

Хабарламаларға жазылу