АҚШ президенті жақын арада Ким Чен Ынмен кездеспек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ президенті жақын арада Ким Чен Ынмен кездеспек

29.04.2018

Солтүстік Корея десе, жон арқасы күдірейе кететін АҚШ президенті Дональд Трамп жақын арада Ким Чен Ынмен кездестінін мәлімдеді. Ол кеше Оңтүстік Корея президентімен телефон арқылы сөйлескеннен кейін осындай шешім қабылдаған секілді. Бұл үлкен жаңалық. «Twitter»-дегі парақшасында президент Трамп Оңтүстік Корея президенті Мун Чже Инмен «өте жақсы» сөйлескенін жазды. Сосын бір қызығы, Солтүстік Корея басшысының Оңтүстік Корея президентімен кездесуге келісуі арқылы «өз ойынын ойнап отыр» деп санамайтындығын айтты. Ал, енді Ким Чен Ынмен кездесу қашан өтеді дегенге келсек, тоң мінез, сыңар езу Трамп уақытын нақты атаған жоқ. Бірақ, мамырдың соңы, маусымның басында өтуі мүмкін екендігін жеткізді.

Хабарламаларға жазылу