Құймаға шаққанда, бұл 13 208 құйма. Ел тұрғындары 10 грамдық құйманы көп сатып алады. Алтын құймалардың айналымы туралы ақпарат ұсынған Ұлттық банк қыркүйекте азаматтар 65 келі алтын сатып алғанын хабарлады.
Алтын құймалар екінші деңгейлі банк немесе айырбастау пунктерінде сатылады. Өңірлерге шаққанда, ең көп құйма сатып алған қала – Алматы, екінші орында – Атырау және үшінші орында Нұр-Сұлтан қаласы тұр. Айтақынымздай, халық көбіне 10 грамм алтынды сатып алады. Бірақ, 100 грамм алтын сатылым жағынан екінші орында тұр. Ортасында 5грамм, 20 грамм және 50 грамм құймалар бар.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2017 жылы халық үшін тазартылған алтынның өлшемдік құймаларын сату және кері сатып алу бағдарламасын іске қосты. Барлығы 2017 жылдан бастап жалпы салмағы 1 тоннадан астам 34 688 өлшеуіш құйма сатылған»,- деп хабарлайды дереккөз.