Таулы Қарабақтағы бейбіт тұрғындар бас сауғалап кетіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таулы Қарабақтағы бейбіт тұрғындар бас сауғалап кетіп жатыр

08.10.2020

Таулы Қарабақтағы дау шешілер емес. Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев пен Армения премьер-министрі Никол Пашинян телеарналардың біріне онлайн сұхбат беріп, бір-бірін тағы айыптады. Өңірде қақтығыстар кеше түні бойы жалғасқан. Екі тараптың да айтуынша, қарсы жақтан қаза тапқан сарбаздар бар. Ал атыс-шабыстан бас сауғалаған бейбіт тұрғындар болса үйлерін тастап, бас сауғалап қашуға мәжбүр. 12-ші күнге жалғасқан ұрысты тоқтату үшін АҚШ, Ресей, Франция/ Баку мен Ереванды уақытша бітім жасасуға шықырып отыр.

Жансая Қапасқызы

Таулы Қарабақ Әзірбайжан Армения

Хабарламаларға жазылу