Таулы Қарабақта қақтығыс толастар емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таулы Қарабақта қақтығыс толастар емес

30.10.2020

Таулы Қарабақтағы қақтығыстар толастар емес. Әзірбайжан қорғаныс министрлігі Агдерин, Ходжавент бағытында Армения күштеріне тойтарыс бергенін хабарлады. Мәлімдеге сәйкес, армениялық сарбаздар арасында қайтыс болғандар мен жараланғандар бар. Ереван болса Бакуды бейбіт елді мекендерге соққы беріп жатыр деп айыптап отыр. Әзербайжан да қарсы тарапқа дәл осындай кінә тағуда. Тіпті бұл мақсатта Арменияны адам құқығы жөніндегі Еуропалық сотқа бермекші. Ресми Бакудың мәлімдеуінше, Ереван «Смерч» реактивті жүйесі мен «Точка-У» зымыран кешенін қолданып, бейбіт тұрғындарға қарсы қылмыстық әрекеттер жасауда.

Жансая Қапасқызы

Армения Таулы Қарабақ Ресей Әзірбайжан

Хабарламаларға жазылу