Түркістан облысында есепші АӘК арналған қаражатты жымқырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында есепші АӘК арналған қаражатты жымқырды

02.10.2020
Түркістан облысында есепші АӘК арналған қаражатты жымқырды

Түркістан облысында «Қазпошта» АҚ 2 кассир-операторына қатысты қылмыстық іс тіркелді. Олар «Атаулы әлеуметтік көмек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген азаматтардың қаражатын иемденген. Бұл туралы бүгін Агенттіктің 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Данияр Бигайдаров хабарлады. 

Тексеру барысында күдіктілер өздерінің қызметтік жағдайын пайдаланғандығы белгілі болды.

"Бюджет қаражатын тиімді бөлу мәселелері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тұрақты бақылауында. Қабылданып жатқан алдын алу шараларына қарамастан, қылмыстық статистика осы салада заң бұзу жиі болатынын көрсетіп отыр", - дейді ол. 


Түркістан облысы кассир-операторы Қазпошта қылмыстық іс

Хабарламаларға жазылу