Алматыда Жұмыспен қамту орталығы мамандарының үстінен қылмыстық іс қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Жұмыспен қамту орталығы мамандарының үстінен қылмыстық іс қозғалды

18.09.2023

Алматыда Жұмыспен қамту орталығы мамандарының үстінен қылмыстық іс қозғалды. Олар «Еңбек» бағдарламасы арқылы халықты жұмыспен қамтуға бюджеттен бөлінген қаражатты аса ірі көлемде жымқырды деп айыпталуда. Қылмыстық істі арнайы прокурорлар тергеп жатыр.

Дархан Дүйсембай, ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі:

Жұмыспен қамту орталығының мамандары азаматтарды жалған жұмысқа орналастыру, жалақыны жинау және жұмысқа орналастыруға жатпайтын адамдардың есепшоттарына ақша аудару арқылы жұмыс орындарын субсидиялауға бөлінген 370 млн теңгеден астам қаражатты жымқырды деп күдіктелуде.


Әйгерім Ердәулет 

Хабарламаларға жазылу