Еуропада карантин талаптары күшейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропада карантин талаптары күшейді

28.09.2020

Еуропада коронавирустың өршуінен, карантин талаптары күшейді. Ұлыбританияда Covid анықталған адам оқшаулау режимін сақтамаса, қомақты айыппұл төлейді. Біріккен Корольдік 42 мыңдай індет құрбанымен Еуропада алғашқы орында тұр. Ал Испания Covid-тен көз жұмғандарды 50 мың байрақ тігіп, еске алды. Елде қауіпті инфекцияны 716 мыңдай адам жұқтырған. 31 мыңнан астамы қайтыс болды. 

Ресейде маусымнан бері жаңа рекорд. Мұнда өткен тәулікте 8 мыңнан астам адамнан Covid анықталды. Осыған байланысты Мәскеуде 65 жастан асқандар мен созылмалы ауруы бар адамдарға үйден шығуға тыйым салынды. Үндістанда коронавирус жұқтырғандар 6 миллионнан асты. Науқастар саны небәрі 11 күн ішінде миллионға артқан. Жалпы әлемде Covid құрбандарының саны 1 миллионға жуықтап қалды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вакцина дайын болғанша, бұл көрсеткіш 2 есе өсуі мүмкін деп отыр.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу