Еуропада карантин талаптары күшейтіліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропада карантин талаптары күшейтіліп жатыр

30.03.2021

Еуропаның кей елдерінде коронавирустың таралуы өршіп, карантин шаралары күшейтіліп жатыр. Қауіпті аймақтың бірі – Франция. Мұнда ауруханалардағы жан сақтау бөлімдерінде 5 мыңға жуық науқас бар. Бұл – төрт айдан бергі жоғары көрсеткіш. Сондықтан Испания Франциядан келген жолаушылардан «ковидке» тест тапсыруды талап етсе, Германия шекарадағы бақылауды күшейтіп жатыр.

Ал Румынияда халық жаңа карантин талаптарына наразы. Мұнда екі апта бойы ел ішіндегі сапарларға тыйым салынып, кешкі сегізден коменданттық сағат енгізілген. Ашынған азаматтар шектеулерді жеңілдетуді талап етіп, полициямен қақтығысты. Салдарынан 100 шақты демонстрант тұтқындалды.

Жансая Қапасқызы


Хабарламаларға жазылу