Украинада індет өршіп, карантин талаптары күшейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинада індет өршіп, карантин талаптары күшейді

01.11.2021

Украинада індет өршіп, Киев қаласы мен өзге де 15 облыс қызыл аймаққа енді. Ресми мәлімет бойынша ковид жұқтырғандар саны тәулігіне 26 мыңнан асқан. Бір күнде індеттен 600 адам қайтыс болды. Кісі өлімі бойынша Украина Ресейден кейін тұр. Жағдайдың ушығуына байланысты елде карантин режимі қайта күшейді. Қоғамдық көлік әдеттегідей қатынайды. Бірақ тұрғындар мен көлік жүргізушілері полицияға птр тесті немесе екпе алғаны туралы құжат көрсетуі тиіс.

 Виталий Кличко, Киев қаласының мэрі:

Қатаң шектеулер енгізіліп жатыр. Қоғамдық орындар: оның ішінде тамақтану, қонақүйлер, әлеуметтік қамсыздандыру мекемелері, спорт залдар, фитнес орталықтары қауіпсіздік шараларын сақтаса ғана жұмыс істейді. Келушілер мен қызмет көрсететіндерден екпе алған құжатты немесе вирус жұқтырмағаны туралы ковид тесті талап етілуі тиіс. Дүйсенбіден бастап демалысқа шыққан оқушылар сабақты әрі қарай онлайн оқиды.


Хабарламаларға жазылу