27 қыркүйекте елордада қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады

25.09.2020

27 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында ауқымды залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Осыған орай қоғамдық көліктердің қозғалысы бір күнге тоқтайды. Ал дүйсенбіден бастап қалашілік және қала маңына қатынайтын автобустар жолаушы тасымалына қайта кіріседі. 

Сондай-ақ алдағы үш күнде Алматыдағы Көк базар жабылатын болды. Мұны әкімдік өкілдері «жалға алушылардың қауіпсіздігі мен базардың материалдық құралдарының сақталуы үшін» деп түсіндірді.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу