Астанадағы Қордай көшесінде көлік қозғалысы тоқтатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы Қордай көшесінде көлік қозғалысы тоқтатылды

03.08.2014
Астанадағы Қордай көшесінде көлік қозғалысы тоқтатылды

Елордада 2-4 тамыз аралығында  Қордай көшесі мен Қошқарбаев көшесінің қиылысында көлік қозғалысы тоқтатылады.

Бұл туралы қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған көшелерді жөндеу жұмыстары «№12 көшеден Абылайхан даңғылына дейінгі учаскеде №14 көшені салу» жобасы аясында жүргізіледі.

Қордай көшесінде нөсерлік және тұрмыстық канализацияларды салу бойынша жол-құрылыс жұмыстары қолға алынбақ. 

Хабарламаларға жазылу