Астананың кейбір көшелерінде көлік қозғалысы тоқтатылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астананың кейбір көшелерінде көлік қозғалысы тоқтатылады

08.06.2015
Астананың кейбір көшелерінде көлік қозғалысы тоқтатылады

Жангелдин көшесін қалпына келтіруге байланысты 8 маусымнан бастап Бейбітшілік көшесі мен Республика даңғылы арасындағы жол бөлігінде автокөлік қозғалысы тоқтатылады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, қалпына келтіру аясында су құбырын, жылу трассасын, су және шаруашылық-тұрмыстық кәріз тарту жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, іргелес жатқан аумақ абаттандырылып, жаяужолдар жасалады, жарықтандыру орнатылады. Аталған жол бөлігіндегі көлік қозғалысын үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегіне дейін қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Ақпараттандыру үшін қажетті ескерту және тыйым салу белгілері қойылған. Автокөлік жүргізушілеріне жолдағы кептеліс жағдайларын болдырмау үшін жол бағдарларын алдын ала жоспарлауға кеңес береміз.

Хабарламаларға жазылу