Астананың кейбір көшелерде көлік қозғалысы тоқтатылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астананың кейбір көшелерде көлік қозғалысы тоқтатылады

24.05.2014
Астананың кейбір көшелерде көлік қозғалысы тоқтатылады
Астанада 25 мамырдан 15 маусымға дейін орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты кейбір көшелерде көлік қозғалысы тоқтатылады.
 
Атап айтқанда, Оқжетпес көшесі К.Байсейітова көшесінен Герцен көшесіне дейін; Дулатов көшесі Герцен көшесінен Көктал көшесіне дейін жабылады. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Көлік және автомобиль жолдары басқармасынан хабарлады.
 
Айта кетейік, жөндеу жұмыстары кезінде қалалық қоғамдық көлік қозғалысы төмендегідей өзгертіледі: 12 бағыт автобусы К. Байсейітова көшесі - Фахд бен Абдул Азиз көшесі  - Ақан Сері көшесі - Қарталы көшесі - Карбышев көшесі - Герцен көшесі - №19 мектеп -Дулатов көшесі (уақытша соңғы аялдама) кестесі бойынша қатынайды.
 
№ 16, 42 бағыт автобусы Герцен көшесі  - №19 мектеп - Дулатов көшесі (уақытша соңғы аялдама) кестесі бойынша жүреді.
 
№5 бағыт автобусы Герцен көшесі - Карбышев көшесі - Қарталы көшесі - Ақан Сері көшесі - Фахд бен Абдул Азиз көшесі - К.Байсейітова көшесімен барып,  одан әрі бұрынғы кестемен жүреді.
 
№ 109 бағыт «Ет комбинаты» бастапқы пунктінен Герцен көшесіне дейін өзгеріссіз, одан әрі  Карбышев көшесі - Қарталы көшесі - Ақан Сері көшесі - Фахд бен Абдул Азиз көшесі - Ш.Бейсекова көшесімен барып,  одан әрі бұрынғы кестемен жүреді.
 
Осыған байланысты жол-құрылыс жұмыстары кезінде аталған көшелерде қажетті ескерту және тыйым салу белгілері орнатылады.
 

Хабарламаларға жазылу