Елорда маңындағы Талдыкөлдің орнына нысандар салынбақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорда маңындағы Талдыкөлдің орнына нысандар салынбақ

20.08.2020

Елорда маңындағы аң-құсы бар ерекше көл жойылып кетуі мүмкін. Қала тұрғындары мен экологтар осылай деп дабыл қағып отыр. Өйткені қалалық əкімдік Кіші Талдыкөлдің суын құрғатып, орнына əлеуметтік нысандар салмақ. 

Көлге жақын тұратын тұрғындар тұмса табиғаттың сол күйі сақталғанын қалайды. Саябақ жасалса, серуендегісі келеді. Алайда жергілікті əкімдік батпақты жер онсыз да өздігінен құрғап кететінін айтады.

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу