Жабық тұрған нысандардың жұмысты қайта жандандыруы үшін қандай алгоритм әзірленбек? Вице-премьер Ералы Тоғжанов бас қаланың сапаржайы, жабық базары мен фитнес-залына барып, осы мәселені пысықтады. Карантин жеңілдетілсе, оларға тек алдын-ала жазылған адамдарды кіргізу рұқсат етілуі мүмкін. Ал бассейнге түсу қаншалықты қауіпті екенін эпидемиологтар су құрамын зерттеп анықтама бермек. Әр нысанда Вице-премьер кәсіпкерлерге жеке жауапкершілік маңызы жөнінде еске салып тұрды. Ал ережені елемегендер жазасыз қалмайтынына уәде етті.
Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары :
Қанша адамнан айырылып қалдық. Оның бәрі оңай емес. Жастар бұл аурудан сәл жеңіл өтіп жатыр. Ал жасы үлкендерге оңай емес. Сондықтан осы мәселені ойлау керек.
Альбина Әшім