Халықтық коалицияға тағы 15 қоғамдық ұйым қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықтық коалицияға тағы 15 қоғамдық ұйым қосылды

19.10.2022

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Халықтық коалицияға тағы 15 қоғамдық ұйым қосылды. Елордада ұйымдастыру комитетінің отырысы өтті. Жиын барысында алдағы сайлау науқанына дайындық жұмыстары пысықталды. Коалицияға қосылған ұйымдар арасында Кәсіподақтар федерациясы, Қазақстан Жазушылар одағы, «SERPIN» Ұлттық білім және инновациялар палатасы, «Bolashaq» қауымдастығы, «Адам құқықтары партиясы» қоғамдық қоры бар. Республикалық әйелдердің кеңесі, Қазақстан Футбол федерациясы мен Әкелер Одағы да бірлестікке үн қосып отыр. Басқосуда өңірлерде үгіт-насихат шараларын өткізу, кандидаттың байқаушылары мен сенімді тұлғаларын оқыту секілді, сайлау науқанының құқықтық тетіктері талқыланды.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу