Алматыда карантиндік шектеулер жеңілдемейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда карантиндік шектеулер жеңілдемейді

06.08.2020

Алматы облысында карантиндік шектеулер жеңілдемейтін болды. Себебі өңірде коронавирусқа қатысты эпидахуал күрделі. Күні кеше ғана өңірде індет жұқтырған 22 адам тіркелсе, бүгін бұл көрсеткіш бірден 64-ке жетті.

17 тамызға дейін барлық жабық және ашық базарлар жұмысын тоқтатты. Азық-түлік, құрылыс заттарын, қосалқы бөлшектер саудалайтын орындар да жұмыс істемейді. Қоғамдық көліктер белгіленген кесте бойынша жүріп, ондағы санитарлық талаптар қатаң сақталуы тиіс. Бұл туралы өңірдің бас санитарлық дәрігерінің міндетін атқарушы Асхат Шарапиевтің арнайы қаулысында айтылған.


Хабарламаларға жазылу