Данияда карантиндік шектеулер жеңілдетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Данияда карантиндік шектеулер жеңілдетілді

02.02.2022

Данияда бірқатар карантиндік шектеулер алынып тасталды. Елде «омикрон» штамын жұқтырушылар көп болғанмен, ауыр халде ауруханаға түсушілер азайған. Сондай-ақ, ел халқының 80 пайызы екпенің екі дозасын, 60 пайызы бустерлік вакцина салдыртқан. «Ұжымдық иммунитет қалыптасты» деген үкімет мейрамхана, дәмханалардың, түнгі клубтардың еш шектеусіз жұмыс істеуіне рұқсат етті. Бұдан былай тұрғындарға маска тағу, ковид төлқұжатын көрсету де міндетті емес.

Метте Фредериксен, Данияның премьер-министрі:

Біз тәртіптің арқасында пандемияның ауыр сынағынан өтіп, қалыпты өмірге оралып жатырмыз. Бірақ ковид әлі аяқталған жоқ. Сондықтан бұдан кейін карантиндік шектеу мүлдем болмайды деп уәде бере алмаймыз. Сақтық шараларын ұмытпайық.

Солтүстік Еуропаның тағы екі елінде бірқатар шектеулер алынып тасталды. Мәселен, Финляндияда мейрамхана, фитнес клубтар, бассейндер ашылды. Суомо еліне Еуропалық Одаққа кірмейтін Шенген аймағындағы мемлекеттерден сапарлайтындар үшін ішкі шекаралық бақылау тоқтатылды. Норвегияға кіру үшін бұрынғыдай шекарада ПТР тест тапсырудың қажеті жоқ. Қашықтан жұмыс істеу міндетті емес. Және спорттық шараларға қатысушылардың санына бұрынғыдай шектеу жоқ.

Нұрсұлу Қасым


Хабарламаларға жазылу