Қызылордада карантиндік шектеулер күшейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада карантиндік шектеулер күшейтілді

28.07.2021

«Қызыл» аймақтағы Қызылорда қаласында карантиндік шектеулер күшейтілді. Шаһарда эпидемиологиялық ахуалдың ушыққанына бір аптадан асты. Бұдан былай сенбі, жексенбіде қоғамдық көлік тоқтайды, сауда орталықтар, қоғамдық тамақтану орындары, мәдени нысандар мен парктер жұмыс істемейді. Жұмыс күндері де уақыттық шектеулер қойылды. Мәселен, дәмханалар кешкі 22.00-ге дейін, ойын-сауық орталықтары 20.00-ге дейін қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, ұжымның басым бөлігі вакцина алмаған мекемелерде қызметкерлердің 80 пайызы қашықтан жұмыс істеу режиміне көшуі тиіс. Облыста тәулігіне 100-ден аса адамнан коронавирус індеті анықталып жатыр. 

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу