Минск ресейлік жекеменшік әскери топтың 32 мүшесі ұсталғанын мәлімдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Минск ресейлік жекеменшік әскери топтың 32 мүшесі ұсталғанын мәлімдеді

Минск ресейлік жекеменшік әскери топтың 32 мүшесі ұсталғанын мәлімдеді

Беларусь аумағында кеше түнде 33 ресейлік азамат қолға түсті. Белта мемлекеттік ақпарат агенттігі осындай мәлімет таратты. Ақпаратқа сай, олардың 32-сі адам шетелдік жекеменшік әскери компанияның мүшелері. Ресми Минск күдіктілер сайлау қарсаңында іріткі тудыру мақсатында келді деп айыптады. Әзірге, Ресей тарапы ресми жауап қатпады.  

Армангүл Тоқтамұрат 

Бөлісу