Ағымдағы жылдың шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған азаматтарға ең төменгі жалақы мөлшеріндегі біржолғы төлемдер тағайындау жалғасуда. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қазіргі таңда 1 млн 594 мың адамға қаражат аударылды.
Министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес, біржолғы төлем алуға 2 миллионнан астам өтініш түсіп, 1 млн 661 мың адамға жәрдемақы тағайындалған.
МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше арна арқылы қабылданады. 2 миллионнан астам өтінімнің ішінде:
– 801,8 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді;
– 499,4 мың адам Egov.kz порталы және Telegram-боттар арқылы;
– 226 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;
– 494,3 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшасы мен интернет ресурстары арқылы өтініш берген. Азаматтардың санаттары бөлінісінде;
– 801,8 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді (проактивті форматта);
– 137,7 мың өтінішті жалдамалы қызметкері үшін жұмыс берушілер берді;
– 1 млн 82 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер; жеке практикамен айналысатын адамдар; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).