«БЖТ төлеп, 50 мың теңге жәрдемақы ал» деген ақпарат жалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«БЖТ төлеп, 50 мың теңге жәрдемақы ал» деген ақпарат жалған

17.07.2020
«БЖТ төлеп, 50 мың теңге жәрдемақы ал» деген ақпарат жалған

Мессенджерлерде 50 мың теңге мөлшерінде жәрдемақы тағайындау үшін екінші деңгейдегі банктердің әртүрлі шоттары арқылы бірыңғай жиынтық төлемді (бұдан әрі – БЖТ) төлеуді жүзеге асыру қажеттілігі туралы таратылған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда БЖТ-ны міндетті түрде аударуға «байланыстырылған» жәрдемақылар, төлемдер жоқ деп хабарлайды.

Азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауын және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуын сұраймыз.

Жалған ақпаратты тарату заң бойынша жазаланатынын еске саламыз.

Хабарламаларға жазылу