Студенттерге, декреттегі әйелдерге 42500 теңге төлене ме? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Студенттерге, декреттегі әйелдерге 42500 теңге төлене ме?

16.07.2020
Студенттерге, декреттегі әйелдерге 42500 теңге төлене ме?

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42500 теңге жәрдемақының кімдерге берілмейтінін түсіндірді.

«Студенттерге арнайы студент болғаны үшін жәрдемақы төленбейді. Егер ол жалданып жұмыс жасап жатқан болса, оның жұмыс берушісі өтінім береді. Ақысыз демалысқа шығып, оның жұмысы шектелген болса, өтінім бере алады. Бейресми жұмыс істеп, БЖТ төлеген студенттер төлемді ала алмайды.

Декреттегі әйелдер мемлекеттен немесе сақтандыру қорынан бір жасқа дейінгі баланың күтіміне байланысты төленетін жәрдемақыны алып жүр. Сондықтан оларға 42500 теңге берілмейді. Ал бала бір жастан асқан болса, жұмысқа шығып, карантинге байланысты ақысыз демалысқа жіберсе, әрине жәрдемақы ала алады. Егер оның жеке кәсіпкерлігі болып, тұрақты түрде БЖТ төлеп, жұмысы тоқтап қалса да 42 500 теңге ала алады», - деді министр. 

Хабарламаларға жазылу