Үйлену тойын өткізгендер жазаланды
Алматыда карантинге қарамастан, үйлену тойын өткізгендер жазаланды. Жас жұбайлардың қуанышын бөлісуге келген 100-ден аса адам жарты сағатқа жетпей, үйлеріне қайтуға мәжбүр болды. Арнайы рейд жүргізген мониторинг тобы тойдың үстінен түсіп, жиналғандарды тарқатты. Ал банкетті ұйымдастырған дәмхананың қызметі сол мезетте тоқтатылды. Мекеменің иесіне әкімшілік хаттама толтырылып, іс сотқа жіберілді. Қазір Алматыда мониторинг топтары кәсіпкерлік нысандарының санитарлық талаптарды сақтауын жіті бақылап жүр. Осы уақытқа дейін 5 мыңнан астам нысанның жұмысы тексерілген. 600-ге жуық мекемеде карантин ережелерінің бұзылғаны белгілі болды. Соның арасында карантинге қарамай той тойлағандар бар.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Каспий» футбол клубы Премьер-лигада
20.10.2025, 20:33
«Қайрат» - «Пафос» ойыны алдындағы баспасөз мәслихатын өткізді
20.10.2025, 20:31
Қызылордада Республика күніне орай ауқымды жәрмеңке мен бәйгеден дүбірлі ат жарысы өтті
20.10.2025, 20:30
БҚО-да мал ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
20.10.2025, 20:30
Сац атындағы театр алғаш рет Мәскеуде өнер көрсетті
20.10.2025, 20:29
Қазақ музыкасын зерттеген Юрий Аравин өмірден өтті
20.10.2025, 20:29