Еуропада коронавирус жұқтыру оқиғалары қайта көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропада коронавирус жұқтыру оқиғалары қайта көбейді

26.06.2020

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропада коронавирус жұқтыру оқиғаларының қайта көбейгеніне алаңдаушылық білдіріп отыр. Соңғы аптада Қарт құрлықта 130 мың науқас тіркелген. Ұйымның хабарлауынша, жағдайдың өршуіне карантин талаптарының жеңілдетілуі себеп.

Дегенмен, бұл ескертулерді ескермей жүргендер көп. Ұлыбританияда аптап ыстықтан мыңдаған адам жағжайларға ағылуда. Қаупісздік талаптары мүлдем сақталмаған. Сондықтан жергілікті билік жағалауларға қосымша күштерді жұмылдырып жатыр.

Ал Грузияда халықаралық әуе рейстеріне шектеулер тамызға дейін ұзартылды. Ұшақ қатынастарына елдегі эпид ахуал тұрақталғанда ғана рұқсат беріледі. Сондықтан, ел үкіметі шектеулер алынбағанша, жолаушыларға билет сатып алмауды ескертіп отыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу