Имантау ауылының тұрғындары гүл өсіріп сатуды кәсіпке айналдырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Имантау ауылының тұрғындары гүл өсіріп сатуды кәсіпке айналдырған

18.06.2020

Солтүстік Қазақстан облысындағы Имантау елді мекенінің әр ауласында жылыжай бар. Ауылдағы 900-ден астам үй бау-бақша егіп отыр. Ал 150-і жаппай гүл өсіріп, елорда мен Көкшетауға саудалайды. Әр жылыжайда кемінде гүлдің 70 түрі өседі. Бұдан былай имантаулықтар жазда ғана емес, енді қыс бойы гүл баптауға көшпек. Ол үшін арнайы пештер өндірісін қолға алмақ. Бұл шағын ауылдың өркендеуіне де сеп болатынын айтады тұрғындар.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу