Шымкенттік есепші жігі құс өсіруді кәсіпке айналдырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкенттік есепші жігі құс өсіруді кәсіпке айналдырған

15.05.2020

Шымкент қаласында тұратын Сырлан Тәшімбетов есімді азамат үйін құс бағына айналдырған. Ол шаңырағында экзотикалық және әнші-әсем құстардың көптеген түрін өсіріп келеді. Мамандығы бухгалтер жігіт бала кезіндегі тотықұс бақсам деген арманын бүгін табысты кәсіпке айналдырып отыр.

Көктемде құс сатып алушылар көбейеді. Бұйра тотыны 1 жарым мың, корелланы 5-6 мың, амадинаны 1 мың теңгеден сатып жүр. Құстар неғұрлым ұзағырақ сайраса, соғұрлым бағасы қымбаттай түседі. Балапанын сатып алушылар да жетерлік. Мамандығы бухгалтер жігіт әуес тірлігін кәсіпке айналдыру мақсатында былтыр «Бастау бизнес» мектебінде оқып, экзотикалық құстарды өсіру жобасы үшін 505 мың теңге грант жеңіп алды. Енді әрі қарай кәсібінің ауқымын кеңейтуді көздеп отыр.

Ғани ҚАЛМАХАН


Хабарламаларға жазылу