Светлана Боранғазиева: Бөлме гүлдерін теледидардың жанына қоюға болмайды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Светлана Боранғазиева: Бөлме гүлдерін теледидардың жанына қоюға болмайды (ВИДЕО)

11.05.2016
Светлана Боранғазиева: Бөлме гүлдерін теледидардың жанына қоюға болмайды (ВИДЕО)

Алматылық Светлана Боранғазиева физика пәнінің оқытушысы. Мектепте шәкірт тәрбиелесе, үйінде гүлдерін күтіп-баптағанды жаны сүйеді.

«Олардың да кей адамдар сияқты жаны нәзік», дейді ол. Жапырақтарынан гүл жарып шықса, жақсылыққа балап, шаңырақта қуаныш болады деп сенеді. Уақытында суарып қана қоймай, гүлдеріне тыңайтқыштар әзірлеп тұруды да әдетке айналдырған.

Бөлме гүлдері үй ішіне сән берумен қатар, ауаны да үздіксіз тазартып тұрады. Сонымен қатар, бөлме энергетикасын жақсартады.

Сұлулыққа жаны құмар Светлана Әниятқызының айтуынша, өсіріп отырған гүлдерінің мінез-құлқы да әртүрлі. «Бөлме гүлдерін теледидардың жанына қоюға болмайды. Электромагниттік толқындар олардың өсуіне кері әсер етеді. Сондай-ақ, жарықты сүймейтін гүлдерді терезеден алшақ қойған жөн», дейді ол. 

Гүлді өсіріп-баптаудың өзге де қыр-сыры туралы толығырақ «Таңшолпан» бағдарламасынан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу