100 жылдан аса уақыт көрінбеген «мүйізтұмсықты айдаһар» қайта табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

100 жылдан аса уақыт көрінбеген «мүйізтұмсықты айдаһар» қайта табылды

11.06.2020
100 жылдан аса уақыт көрінбеген «мүйізтұмсықты айдаһар» қайта табылды

Ғалымдар Суматра араладарынан 130 жылдан аса уақыт бойы биологтар көзінен тасада қалған мүйізтұмсықты кесірткені қайта тапты.

Бұл бауырымен жорғалаушылардың түрін XVIII ғасырдың соңында италиялндық зерттеуші Элио Модильяни Генуя қаласындағы табиғи тарих мұражайына әкелген. Жаратылыстану ғылымдарының кітаптарынын мұндай тіршілік иесін таппаған ғалымдар оған «Модильяни кесірткесі» немесе «мүйізтұмсықты айдаһар» деген атау береді.


2018 жылы Чайрунас Адха Путра есімді биолог Суматраның таулы аймақтарынан «мүйізтұмсықты айдаһарға» ұқсас жануардың өлі денесін тауып алған болатын. Бұған дейін көптеген ғалымдар қабыршақты жануарлардың бұл түрі жер бетінен жоғалып кеткен деген пікір айтқан еді.


Ғалымдардың Суматра араладарында кеңінен жүргізген зерттеу нәтижелеріне сәйкес, «Модильяни кесірткесінің» тірі өкілдері табылды. Биологтардың айтуынша, олар ағашта мекен етіп, түрлі жағдайларға байланысты түстерін де өзгерте алады екен.

ScienceNews


Хабарламаларға жазылу