ҰБТ-ға дайындық қалай жүріп жатыр? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҰБТ-ға дайындық қалай жүріп жатыр?

05.06.2020

Биыл жоғары оқу орындарына 55 мың грант бөлінеді. Әрине оны иелену үшін Ұлттық бірыңғай тестілеуден сүрінбей өту керек. Ал оның басталуына небары 15 күн қалды. Түлектер үшін басты сынақ ҰБТ-ға дайындық қалай жүріп жатыр? Оның биылғы жаңашылдықтары мен тесттің өткізілу ережесін тілшіміз айтсын.

Осымен 17-ші рет өтетін ҰБТ-ға қазір дайындық қыза түскен. Биыл тест тапсыратын ғимараттардың алдына міне мынадай ленталар қойылып, дезинфекция жасайтын құрылғылар орнатылады. Ішке кірмес бұрын қыз-жігіттер осылай залалсыздандыру процесінен өтеді, ыстығын өлшетеді. Кейін әрқайсына жаңа маска беріліп, Face ID арқылы сәйкестендіруден соң аудиторияға кіргізіледі.

Ал тестілеу форматы өзгеріссіз. Түлектер 4 сағат ішінде 5 пәннен 120 сұраққа жауап беруі керек. Маусымның 20-сы мен шілденің 5-і аралығында өтетін тестке биыл 131 мыңнан астам түлек қатысады. Олар үшін 55 мың грант бөлінген.

Досжан МАРАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу