Бүгін тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталды

20.07.2023

Бүгін тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталды. Өтінімдер қабылдау 30 шілдеге дейін жалғасады. ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жүргізіледі. Сынақтың өзі 10 тамызда басталады. Тамыздағы ҰБТ шекті балл жинай алмаған талапкерлердің тестілеуден қайта өтіп, ЖОО-ға ақылы негізде түсу мүмкіндігі болуы үшін өткізіледі.

Тіркелу кезінде тестіленушілер емтихан өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды. Ескеретін жайт, бұған дейін ҰБТ-ға қатысқан талапкерлер бейіндік пәндер комбинациясын тамыз тестілеуінде өзгерте алады.

Барлық бес ҰБТ қорытындысы бойынша шекті балл жинай алмаған талапкерлерге ЖОО-ға шартты түрде ақылы негізде оқуға түсу мүмкіндігі беріледі. Әрі қарай олар 2024 жылы қаңтар, наурыз, негізгі және тамыз ҰБТ-сына қатысып, ЖОО-да оқуын жалғастыру үшін қажетті шекті балын жинай алады.

Сонымен қатар, ЖОО-да өз мамандығы бойынша ақылы негізде оқығысы келетін колледж түлектері оқуға қабылдау комиссияларында әңгімелесу қорытындысы бойынша қабылданады.


Серік Селеубайұлы

Хабарламаларға жазылу