![Бақытжан Сағынтаев: Емтихан сұрақтарын құраушылар мен тестілеу орталығы мамандарының қандай сұрақтарды жинақтағанын бақылауда ұстау қажет](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_12537.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҰБТ-2017-ні жоғары деңгейде өткізу үшін мұқият дайындалуды тапсырды.
Үкімет отырысында ҰБТ-ны ЖОО-ға түсу емтиханы ретінде қарастыратын жаңа форматы таныстырылған болатын.
Б.Сағынтаев ҰБТ-ның жаңа форматы қабылданған жағдайда дайындық жұмыстарын қазірден бастап жоғары деңгейде өткізуді тапсырды.
«Ең маңыздысы, емтихан сұрақтарын құраушылар мен тестілеу орталығының мамандары қандай сұрақтардың жинақтағанында. Міне, осыны бақылауда ұстау қажет», - деді Б. Сағынтаев.
Айта кетерлігі, мектеп бітірушілерді аттестациялауды 2017 жылы жаңа форматта өткізу ұсынылды. Ол мектеп бітіру емтиханы мен ЖОО-ға түсу үшін ҰБТ тапсырудан тұрады.
primeminister.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бақытжан Сағынтаев: Емтихан сұрақтарын құраушылар мен тестілеу орталығы мамандарының қандай сұрақтарды жинақтағанын бақылауда ұстау қажет&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/111953/)