15 маусымнан кейін бірқатар елдерге әуе рейстері ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

15 маусымнан кейін бірқатар елдерге әуе рейстері ашылады

03.06.2020

Иә, кей өңірлерде мейрамханалар әзір ашылмағанымен, Қазақстан бойынша, 15-ші маусымнан кейін тағы бірқатар елдерге әуе рейстері ашылады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі хабарлады. Бейбіт Атамқұловтың сөзінше, таяуда ведомствоаралық комиссияның отырысы өтіп, онда 1-маусымнан бастап үш ел яғни, Корея, Қытай және Әзербайжан елдеріне рейстерді ашу туралы шешім қабылданған. Себебі COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайға негізделген халықаралық рейтингте, аталған елдер қауіпсіз мемлекеттердің тізіміне енген. Екі аптадан соң, қазақстандықтар тағы Германия, Бірікке Араб Әмірлігі, Чехия және Тайландқа ұшуға мүмкіндік алмақ. Польша, Венгрияға да әуе қатынасы жандануы ықтимал. Түркиямен де қазір келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ


Хабарламаларға жазылу