«Ертіс» футбол клубы биылғы Қазакстан чемпионатына қатыспайтын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ертіс» футбол клубы биылғы Қазакстан чемпионатына қатыспайтын болды

01.06.2020

55 жылдық тарихы бар «Ертіс», футбол клубы қаржылық қиындыққа байланысты биылғы чемпионатқа қатыса алмайды. Қарызға белшеден батқан команда бес айдан бері футболшыларға жалақы төлей алмай отыр. Банкрот болудан сақтап қалу үшін жергілікті билік, біріншіліктен бас тартты. Жыл басында өткізілген аудиторлық тексеріс «Ертіс» футбол клубының бірнеше жылдан бері салық төлемегенін, қарызы миллиард теңгеге жеткенін анықтады. Клубтың және облыстық федерацияның бұрынғы басшылары тақырға отырғызып кеткен командаға бас демеуші де қаржылай қолдау көрсетуден бас тарты.

Болат АМАНБАЕВ


Хабарламаларға жазылу