Италия футбол құрамасы Әлем чемпионатына қатыспайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италия футбол құрамасы Әлем чемпионатына қатыспайды

14.11.2017

Италияның футбол құрамасы 1958 жылдан бері алғаш рет Әлем чемпионатына қатыспайтын болды. Бұл хабарды естігенде жергілікті халық төбесіне жай түскендей күй кешкен. Айта кетсек, италиялықтар шведтермен қайта өткізілген матчта тең түсті. Әлем кубогына іріктеу ойыны дүйсенбі күні Миланда өтті. Ал, оның алдында Италия Швециядан 1:0 ұпаймен жеңілген.

Футболдан Әлем чемпионаты келесі жылы Ресейде өтеді. Оған Швеция командасы 2006 жылдан бері алғаш рет барайын деп отыр.  

1930 жылы италиялықтар Еуропаның өзге де командалары сияқты Уругвайда ұйымдастырылған дүниежүзілік матчқа қатысудан бас тартқан еді. Бірақ, ол кезде мұндай шешімге жолдың алыстығы мен қымбатшылығы себеп болды.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу