Футболдан ел чемпионатының форматы өзгермейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футболдан ел чемпионатының форматы өзгермейді

25.10.2014
Футболдан ел чемпионатының  форматы өзгермейді

Келер жылы да футболдан Премьер-лига командалары арасындағы  ел чемпионатының форматы өзгермейтіні белгілі болды. Ал, осы кезде жасыл алаңдағы тартыс әлі де жалғасуда. Бүгін екі кездесу өтті. Атырау командасы Тараз футболшыларын 3:2 есебімен ұтса, «Ертіс» пен «Тобыл» арасындағы тартысты ойын 1:1 есебімен тең аяқталды.

Турнир кестесіне келетін болсақ. Әзірге «Астана» аяқ доп шеберлері жеке дара топ бастап келеді. Олардың еншісінде - 36 ұпай. Екінші орында «Қайрат» футбол клубы. «Ақтөбе» ойыншылары үздік үштікті түйіндеуде. Көш соңында «Жетісу» және «Спартак» командалары келеді. 

Хабарламаларға жазылу