Карантин кезінде елімізде жұмыссыз қалғандар саны 50 мыңға артқан
Карантин кезінде елімізде жұмыссыз қалғандар саны 50 мыңға артқан. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице министрі айтты. Оның сөзінше, екі ай ішінде қызметсіз қалғандар қатары 120 мыңнан 170 мыңға дейін көбейген. Салыстырмалы түрде айтсақ, былтыр бір жыл ішінде елде 440 мың қазақстандық еңбекке араласпай қалған еді. Ақмәди Сарбасов карантинге байланысты жұмысы әлі басталмаған кәсіпорындарда жалақы төлеу мәселесін шешу жолдарын да атады. Оның бірі — жұмыс күндерін азайту. Еңбек кодексінде мұндай шараларға рұқсат етілген. Алайда, аталмыш тәртіп енгізілсе, қызметкерлерге жалақы сәйкесінше аз төленеді.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мәйіттік донор бірнеше адамның өмірін сақтап қалды
06.09.2025, 17:56

Атырау мұнай өңдеу зауытына – 80 жыл
06.09.2025, 17:27
Экономиканы әртараптандыру: Алматыда жыл соңына дейін 12 жоба іске қосылады
06.09.2025, 17:22
Жамбыл облысында экспорт көлемі екі есе артты
06.09.2025, 17:19
Әлеуметтік көмек алу үшін құжат жасатқандар ұсталды
06.09.2025, 17:14
Бас прокуратура: Қ. Қожамжаровқа қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу басталды
06.09.2025, 17:11
Зеленский: Ел аумағына шетелдің мыңдаған жауынгері шоғырлануы мүмкін
05.09.2025, 20:24
«AFD»: Инвесторларға жол ашу
05.09.2025, 20:08