1 маусымнан елордадағы балабақшалар қалыпты режимде жұмысын бастайды.
Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова айтты.
«18 мамырдан бастап меншік нысанына қарамастан барлық мектепке дейінгі ұйымдар санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып өз жұмыстарын бірінші кезекте баланы үйде қалдыруға мүмкіндігі жоқ, жұмыс істейтін ата-аналар үшін, ата-аналардың қалауы бойынша «кезекші топтар» режимінде қайта бастады. Бүгінгі күні балабақшаларда балалар саны – 4134. Бұл – жалпы балалардың 7,4 пайызы», - деді ол.