Нұр-Сұлтанда балабақшалар 1 маусымнан бастап жұмыс істейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанда балабақшалар 1 маусымнан бастап жұмыс істейді

15.05.2020

1-маусымнан бастап Нұр-Сұлтан қаласындағы барлық мектепке дейінгі ұйымдар штаттық режимде қайта жұмыс істей бастайды. Бұл туралы бүгін Қалалық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова айтты. Ал арнайы ұйымдар, психологиялық-медициналық әрі педагогикалық консультациялар, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері, оңалту орталықтары 18 мамырдан жұмысын бастауға дайын. Санитарлық талаптар қатаң сақталады.

Ақерке БЕРІКБЕК


Хабарламаларға жазылу