Теміржол вокзалдарына жолаушылар «Аshyq» қосымшасы арқылы кіреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теміржол вокзалдарына жолаушылар «Аshyq» қосымшасы арқылы кіреді

15.06.2021

17 маусымнан бастап, елордадағы теміржол вокзалдарына жолаушылар «Ашық» қосымшасы арқылы кіреді. Жоба осы айдың 21-інен Алматы -1 және Алматы- 2, Қарағанды және Өскемен вокзалдарында, 1-ші шілдеден бастап өзге аймақтарда жұмыс істей бастайды. Тексеру нәтижесінде жасыл және көк белгі көрсетілген жолаушылар ғана вокзалға кіруге құқылы. Бұл талап шығарып салатын және қарсы алатын адамдарға да қатысты. 18 жасқа дейінгі балалар тексеруден өтпейді. Егер тұрғынның смартфоны болмаса жеке сәйкестендіру нөмірін көрсетсе жеткілікті. Шетелдік жолаушылар паспортының нөмірі арқылы тексерте алады. Қызыл және сары түсті статус шығып, кері қайтқан жолаушылар билеттің жарты құнын 6 айдың ішінде қайтара алады. Ол үшін төлқұжат пен билетті және статусты скриншотқа түсіріп, bilet.railways.kz сайтында көрсетілген нөмірге жіберу қажет.

Раушан Сайлауқызы


Хабарламаларға жазылу